Кәсіп ашу тетіктерін қолдау

Бүгін Достық үйіне жеке кәсіп ашамын, бизнесвумен боламын деген көпбалалы аналар жиналды. “Президент жолдауы: кәсіп ашу тетіктерін қолдау” атты жиынға бизнесте жетістікке жетсем, отбасымның кірісін арттырсам деген белсенді аналар қатысты.

Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Нұркен Әшімханов, Қарағанды облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі Айжан Киясова,
Қарағанды облысы “Атамекен” ҰКП филиалы бөлім басшысы Меруерт Касимова, “Ханшайым” орталығы жетекшісі Меруерт Алимбаева және мен Президент жолдауы туралы баяндадық. Биылғы жолдаудың ерекшелігі, бизнес, салық, әлеумет саласына қатысты жаңалықтар туралы хабарладық.

Аналарды үйде отырып кәсіп ашу, қайтарымсыз грант ұту байқауы, бизнес жоспар жасау, “Бизнес-бастау” курсы, несие алу жолдары қызықтырды. Мамандар сұрақтарға жауап берді.

Семинарды “Шаңырақ” көпбалалы отбысыларды қолдау орталығы мен Қарағанды Облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі бірігіп өткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.