ШЕТ: “ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ — МЕМЛЕКЕТ ТҰТҚАСЫ”

ШЕТ: “ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ — МЕМЛЕКЕТ ТҰТҚАСЫ”

Шет ауданында Отбасы күні әдеттегіден ерекше өтті. Ата-аналар ұлттық ойындар бойынша сайысқа түсті.

“Өнегелі отбасы — мемлекет тұтқасы” атты сайысқа көпбалалы отбасылар қатысты. Мәдениет үйі қызметкері Анар Тажибаева сайыс сценариін ерекше етіп құрыпты. Сайыс “Таныстыру”, “сұрақ-жауап”, “ұлттық ойын түрлері”, “отбасы өнері”, “ситуация” секілді бөлімдерден тұрды. Көрермен де көп жиналды. Мәдениет үйінің әншілері концерт қойды.

Сайыста Үңірек ауылы тұрғындары Оразалиндер отбасы — 1 орын, Ақсу-Аюлы тұрғыны Сарсенбековтер отбасы — 2 орын, Мустафиндер отбасы — 3орын, көрермендер ортасынан шығып белсенділік танытқан Нағыметовтер отбасы — “Көрермен көзайымы” атағын иеленді.

Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Мәдина Жумабаева, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлшара Қамиқызы және мен әділқазы болдық.

Әсем ән мен мың бұралған биге бөленген, күрмеуі қиын сұрақтар мен балалық шаққа саяхат жасатқан ойындар ойнатылған әдемі кеш үшін Мәдениет үйі басшысы Әсемкүл Ахметжановаға, Анар Тажиеваға, кеш жүргізушілері Бекзат Аханов пен Мариям Ахметбекке, әншілер Темірлан Боранбаев, Бекзат Аханов, Гулмира Жумабекова, Марден Турсынбаев, Серікхан Аманай, Дастан Исабаевке, “Айжан» би тобы жетекшісі Айжан Мустафинаға, ұлттық ойындарды ойнатқан Жанболат Тажибеков пен Меруерт Жакуповаға, бізді ұдайы қолдайтын Ж.Ақылбаев атындағы мектеп гимназиясының директоры Гүлбаршын Мықышеваға алғыс айтамыз.

“Шаңырақ” орталығы аудандық жұмыспен қамту бөлімінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы бойынша ашылған.

ВИДЕО

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.