БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ: Спортшымыз әулетпен!

БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ: Спортшымыз әулетпен!

Бұқар жырау ауданында “Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы “Әкем, анам және мен — спортшымыз әулетпен» атты отбасылық сайыс ұйымдастырды. Жарыс Ботақара кентіндегі Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебінің спорт залында өтті. Сайысты аудандық спорт бөлімі басшысы Цыганков Олег Дмитреевич жүргізді.

Аудандағы екі мектеп ұжымы қатысатын отбасылар ұсынды, ұстаздары мен оқушылары келіп, белсенді жанкүйер болды.

“Шаңырақ” орталығының жетекшісі Айша Сүлейменова сайысты ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайыста көпбалалы отбасылар алты спорт түр бойынша жарысқа түсті. Қатысушы отбасылардың барлығына сыйлықтар берілді. Үш орын жеңімпаздарына медальдар, дипломдар тапсырылды.

1 орынды Әбілдиндер отбасы,
2 орынды Ткаченко отбасы,
3 ооынды Әлиевтер отбасы,
4 орынды Әшірбековтар отбасы,
5 орынды Кәрімовтар отбасы иеленді.

Сайыстың мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау, отбасы ынтымағын арттыру.

Жарысты ұйымдастыруға орталық қызметкерлері Қарлығаш Қазбекқызы, Гүл Қанатқызы еңбек сіңірді.

С.Торайғыров атындағы тірек мектебі директоры Жетпісбаев Еркін Рахымбайұлына, Юрий Гагарин атындағы орта мектеп директоры Тулеуханова Сагыныш Камидулловнаға, Сауле Какимтаевнаға,
аудандық спорт бөлімі басшысы Цыганков Олег Дмитреевичке, төрешілер мен әділқазыға, жанкүйерлерге,
аудан әкімдігіне қолдау жасағаны үшін алғыс айтамыз.

Біз “Талбесік” ұйымының ұжымы әдеттегідей аудандағы филиалдарымызға жанкүйер болып барып қайттық.

ВИДЕО

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.