БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ: Халық пен билік арасындағы көпір
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ: Халық пен билік арасындағы көпір.
Бұқар жырау ауданындағы “Шаңырақ” көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы қызметкерлері Айша Сулейменова, Қарлығаш Қазбекқызы аудандағы “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының, Зейнетақы жарнасын аудару орталығының, Білім бөлімінің, Тұрғынүй қатынастар бөлімінің, Спорт бөлімінің басшыларымен, мектеп директорларымен арнайы кездесіп, бірлесіп атқаратын жұмыстар туралы талқылады.
“Шаңырақ” орталығы көпбалалыларға мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес береді. Барлық мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен әріптес.

