ШЕТ АУДАНЫ: Баспаналы болу жолдары
ШЕТ АУДАНЫ: Баспаналы болу жолдары
Шет ауданындағы «Шаңырақ” орталығы көпбалалы отбасылар мен түрлі ұйым өкілдері арасында кездесу ұйымдастыруда.
“Amanat” партиясы ғимаратының жиын залына көпбалалы отбасыларды шақырып, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Шамгунова Толқын Мирасовнамен, «Шет ауданының құрылыс бөлімі» ММ-нің бас маманы Жаканов Олжас Мұсағұлұлымен және «Шет ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің бас маманы Кейкин Әміре Есенгельдиевичпен кездесстірді.
Көпбалалы аналар өздерін мазалаған мәселелерді айтып, тиесілі жауаптарын алды. Алыс елдімекендерде тұратын азаматтар да онлайн қосылып сұрақтарына жауап алды.

