ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫ: Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші!
ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫ: Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші!
Қарқаралы ауданының тұрғыны, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі екі баланың анасы Салтанат Дүйсековаға республикалық “Asar Ume” қоғамдық қоры баспана алып беруге шешім қабылдады.
Бұған дейін, осы қордың көмегімен “Шаңырақ” орталығы ұсынған үш отбасы баспаналы болған болатын. Қазақстанда 400-ден астам отбасыға қайырымдылық негізде баспана сыйлаған “Asar Ume” қоғамдық қорының жетекшісі — ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің мүшесі Асхат Нұрмашев.
Көпбалалы ананың жағдайын айтып-қорға ұсынған аудандық жұмыспен қамту бөлімі, “Шаңырақ” орталығының Қарқаралы ауданындағы қызметкері Гүлнұр Өмірзаққызы. Құжатын жинап өткізген орталықтың Қарағандыдағы қызметкері, “Asar-ume” волонтері Кымбат Булкаирова.
Әр ана бақытты болуға лайық. Салтанатқа баспаналы болуға тамшыдай үлес қосқан әр қазақстандыққа, құжатын жинап ұсынған қыздарға, қарағандылық еріктілерге, Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту бөліміне алғыс айтамыз!

