ШЕТ АУДАНЫ: Өнеге
ШЕТ АУДАНЫ: Өнеге
Шет ауданы Ақсу-аюлы ауылында кәсібін өрге дөңгелетіп отырған жандар баршылық. Солардың бірі төрт баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты ана Меруерт Ермекқызы.
Ол “2021-2025 жылдары жас кәсіпкерлерді дамыту” аясында байқауға қатысып, бизнес жүргізуге грант ұтып алды.
Аудан бюджетінен бөлінген 612 000 теңгеге бүгінгі таңда фотосалон ашып халықтың игілігіне жұмыс жасап отыр.
Меруерттің жанұясы сондай ақ, 2022 жылдың қыркүйек айында «Шаңырақ» орталығы мен Шет аудандық Мәдениет бөлімі ұйымдастырған аудандық «Өнегелі отбасы — мемлекет тұтқасы» сайысында 3-орынды иеленген белсенді отбасы.
Көпбалалы отбасының әр ісі елге үлгі, өнеге.

