ШЕТ АУДАНЫ: сурет үйірмесін аштық
ШЕТ АУДАНЫ: сурет үйірмесін аштық
Шет ауданындағы “Шаңырақ” орталығы балаларға арнап сурет үйірмесін ашты. Тегін үйірмені суретші, көпбалалы ана Гүлім Нұрбайқызы Игенбаева жүргізеді.
Аптасына бір рет балалар көркемсурет пен бейнелеу өнерінің қыр-сырын үйренеді. Гүлім Нұрбайқызы балалардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру үшін бос уақытын бөліп, “Шаңырақ” орталығына өз көмегін ұсынды.
Сурет салу үйірмесі жұма күндері сағат 11:00-ге белгіленді. Бояу құралдарын орталық өзіміз қамтамасыз етеміз.
“Шаңырақ” көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы — аудандық жұмыспен бөлімінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс негізінде ашылды.

