ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫ: Баспана сыйлады

ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫ: Баспана сыйлады

Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту бөлімі көпбалалы ана, бір баласы мүмкіндігі шектеулі Салтанат Дүйсекинаны баспанаға мұқтаж отбасы ретінде Шаңырақ” орталығына ұсынған болатын. Орталық қызметкерлері Салтанаттың құжаттарын жинап, республикалық Asar-ume қорына жөнелтті.

Қарқаралыдағы “Шаңырақ” орталығы бұған дейін де Салтанатқа демеуші тауып, Қарағанды-Астана қалаларында дәрігерлік тексерістен өтуге, мүгедектік ресімдеуге қолдау көрсеткен болатын.

Қайырымдылық қоры біздің қызметкер жинаған құжаттарды құптап, Салтанатқа баспана әперуге шешім қабылдады. Салтанат үйді Қарағанды облысы Ақтас кентінен алуға ниет білдірді.

Салтанат екі бөлмелі пәтерге көшіп келді, бақытты. Көпбалалы отбасыға баспана шаттығын сыйлауға үлес қосқан аудандық жұмыспен қамту бөліміне, Гүлнәр Өмірзаққызына, Асаруме қорына алғыс айтамыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.