«Боноффи Пай», «Шығыс тәттілері» және тағы басқа пирогтарға тегін шеберлік сабағын өткіздік

Әйел адамның басты міндеті ана болу, отбасының бірлігіне, татулығына ұйытқы болу, жарының бабын табу екенін білеміз. Осының барлығы болу үшін ең бірінші үйдегі дастархан берекелі болу керек. Балалар тәтті-дәмдіні өте жақсы көреді. Соған орай біздің де көпбалалы аналарымыз кондитерлік өнімдерден тәтті бәліштер (торт), пирогтар әзірлеудің тегін шеберлік сабағын өтуін жиі сұрайды.

10 шақты ананың сұрауы бойынша өзі көпбалалы ана, «Айлана» жеке кәсіпкерлігінің негізін қалаушы Малибаева Зейнегүл Нұрланқызы «Боноффи Пай», «Шығыс тәттілері» және тағы басқа пирогтарға тегін шеберлік сабағын өткізді.

Зейнегүл Нұрланқызы  курс соңында аналарға сертификат берді.

Біздің аналар әлеуметтік желілердегі дайын рецептпен жасағаннан, көзбен көріп, қолдарымен өздері жасап, тәжірибе алған оңтайлы екенін жақсы түсініп алғаннан шеберлік сабақтарын жиі сұрайды. «ШАҢЫРАҚ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы аналарды қолдауға әрқашан дайынбыз!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.