ШЕТ ауданы:Қаржы табатын жаңа кәсіп меңгерту

ШЕТ ауданы:Қаржы табатын жаңа кәсіп меңгерту

Шет ауданының көпбалалы аналарына арнап шілде айының 25 күні “Шаңырақ” көпбалаларды қолдау орталығына ауданымыздың көпбалалы анасы, қолынан өнері тамған Мұхамедия Айсұлу Асқарқызы үш түрлі хит салаттардан және ташкент шәйін дәмді әзірлеу бойынша тегін мастер класс өткізді.
Мастер класс өткізуге орын дайындаған “Тілек” мейрамханасының иелеріне алғысымыз шексіз!

Мастер класс керемет, жоғары деңгейде өтті! Әр келген көпбалалы аналар керемет әсер алып, инсайт алып қуанып қайтты. Бәріне сертификат таратылды!

Мақсат: жаңа машық меңгерту арқылы отбасы кірісін арттыруға мүмкіндік беру, табыс табу жолдарын үйрету.

Аналардың сұранысы бойынша өткен сабақ көңілден шықты!
Шет ауданы бойынша кеңесшісі Л.М.Арыстанбекова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.