1 маусым — халықаралық балаларды қорғау күніне сурет салудан конкурс
Қазыбек би атындағы ауданы әкімдігі мен “Шаңырақ” орталығы бірлесіп 1 маусым — халықаралық балаларды қорғау күні құрметіне орай көпбалалы отбасының 20 баласына сыйлық сыйлады, мерекелік кеш ұйымдастырды.
Бүгін 31.05.2023 жылы сағат 15.00-да “Шаңырақ” орталығы инстаграммдағы @qaragandy.analary аккаунтында өткізген “Отбасым — менің байлығым” атты сурет байқауының қорытындысын шығарды. Байқауға Қарағандыда тұратын, 5-12 жас аралығындағы 119 бала қатысты.
Барлық 119 қатысушыға сыйлық берілді. Жүлделі 1, 2, 3 орынға ие болған 5 балаға сөмке тарту етілді. Байқау 1 маусым — халықаралық балаларды қорғау күні құрметіне орай ұйымдастырылды.

