Қарағанды: ӘЙЕЛДЕР КОМИССИЯСЫ ОҚУШЫЛАРҒА ЖАЗҒЫ ЛАГЕРГЕ ЖОЛДАМА СЫЙЛАДЫ

Қарағанды: ӘЙЕЛДЕР КОМИССИЯСЫ ОҚУШЫЛАРҒА ЖАЗҒЫ ЛАГЕРГЕ ЖОЛДАМА СЫЙЛАДЫ

Бүгін Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның мүшелері бүгін “Шаңырақ” орталығына келіп балаларды Халықаралық мерекемен құттықтады.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспекторы Карисова Гайни Сатжанқызы, Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Сәтбаева-Алпысбаева
Гүлбану Ратаевна, «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының басшысы Токмурзина
Индира Жанұзаққызы балаларды қорғау күні ата-аналармен, балалармен кездесті. Олар балаларға жаз мезгіліндегі қауіпсіздік, бос уақытты ұйымдастыру, салауатты өмір салты туралы баяндады.

Бүгін балаларға комиссия құр қол келмепті. «Білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рақышева
Алмагүл Айтқазықызы, «Білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің Қазыбек би ауданы комитеті» филиалының төрағасы Кашенова Марал Елубайқызы
ерекше тосын сыйлық жасады.

Кәсіподақ басшысы көпбалалы отбасының 2 оқушысына “Бурабай”, 2 оқушысына “Орлёнок” жазғы лагеріне тур сыйлады. Сондай ақ, 10 оқушыға ойыншықтар тарту етті.

Қарағанды қаласының №15 мектебінің оқушысы Дулат Әмірхан Дәуренұлы бата беріп, таң қалдырды. Қонақтар оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Ата-аналар алғыс айтты.

Әйелдер комиссиясы мүшелері мен демеушілерге алғыс айтамыз.

Біз балаларға шаттық сыйлай алғанымызға қуандық. Балапандар аман, аспан ашық, ел іші тыныш болсын!!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.