Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Сәттіғұлов Сұңғат Смағұлұлын Отан қорғаушылар күнімен және келе жатқан жеңіс күнімен құттықтадық

Бүгін «ШАҢЫРАҚ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының қызметкерлері жасы 100-ге келген ақсақал, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Сәттіғұлов Сұңғат Смағұлұлын Отан қорғаушылар күнімен және келе жатқан жеңіс күнімен құттықтадық. “Шаңырақ” көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы қызметкерлері балаларымызбен барып атаға сәлем бердік.

Бүлдіршіндер Отан туралы, жеңіс туралы тақпақ оқыды. Құр қол бармадық, мерекеге арнап тәтті-дәмді, жеміс-жидек корзинасы мен азық-түлік қорабын алып бардық. Ата бізге батасын берді. Бүгінгі мерекедегі ең ерекше құттықтау осы балалардың тілегі болды деді.

Аспанымыз ашық, ел іргесі бүтін болсын. Жеңімпаздар жасай берсін!
Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні құтты болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.