ШАҢЫРАҚТЫҢ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ
ШАҢЫРАҚТЫҢ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ !
Аналарымызды кәсіпкерлерлікке баулу дағдысын жетілдіру жолында бүгін 14 сәуір 2023жылы тағы да шеберлік сабақ өткіздік.
«ШАҢЫРАҚ»көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы осы уақытқа дейін шеберлік сабақтың түр -түрін өткіздік.
Бүгінгі шеберлік сабақ заман талабына сай қазіргі тілмен айтқанда трендке айналған «КӨБЕЛЕКТІ БУКЕТ» , «АРМАНДАР КОПИЛКАСЫ» және той томалаққа арналған «БОНБОНЬЕРЛЕР» жасап үйрету.
Шеберлік сабақты өзі де көпбалалы ана, орталығымыздың консультанты Махатова Ақнәзік Қосанбайқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, демеушілік жасап тегін өткізді.
Сабақ өте қызықты,озық, жаңа идеяларға толы болды . Аналардың жасаған бұйымдарын өздеріне сыйға тарттық. Жалпы осындай шеберлік сабақтарды жиі өткізуіміздің себебі үйде бала тәрбиесімен айналысып отырған аналарды үйде отырып-ақ табыс табуға үйрету. Отбасылық кірісті арттыру.

