Армысың,әз-Наурыз! 2023 жыл

22 наурызда біз де палау тараттық. Ешкім таласпады. Елдің пейілі кең болды. “Шаңырақ” орталығының көпбалалы аналары Қарағандыда екі киіз үйде дастархан жайдық. Достық үйінің алдындағы киіз үйде “Sunrise” компаниясымен бірігіп елге қызмет көрсеттік. Көпбалалы аналар палауды да, наурыз көжені де, бауырсақты да алаңда жүріп таратты, дастарханымыз ортаймады. Ал Әлихан ауданындағы киізүйді бізге “Қарағанды жарық” компаниясы құрып берді. Ішіне “Шаңырақ” орталығы үш стол дастархан жайдық.

Әлихан ауданындағы ауданның  Мәдениет үйінің алдына 4 киіз үй құрылыпты, үшеуі дастархан жаймапты деді бізге кірген халық. Киіз үй құрып, стол жаймайтын да мекемелер болады екен. Біз дастарханды өзіміздің көпбалалылар бала-шағасымен демалсын деп жайғанбыз, маңайымызда дәм ұсынған басқа ешкім болмаған соң есігімізді айқара аштық. Ағылған халықтың көптігінен сыртқа шығып концерт көруге, балаларымызға қарауға да шама келмей қалды. Түске қарай бірақ ес жидық. Дастархан тықырланып, үшке таяу жиналып жатсақ бір әйел мыналар ерте жиналды деп сыртымыздан соткаға түсіріп тұр. Келесі жылы әр отбасыға көже-бауырсағын әкеліп, жайғасып концерт тамашалауға арнап бос киіз үйлер құрып тастау керек екен.

Қала әкімдігі көпбалалылар тәтті-дәмді сатып, табыс тапқысы келсе палатка құрып береміз деп ұсыныс жасаған. Қала әкімінің орынбасары Ляззат Төкенқызы бізге үнемі жанашыр, қолдауы үшін алғыс айтамыз. Бірақ біз Ұлыстың ұлы күні сауда жасауға қарсы болдық. Аналар пісіріп әкелген дәмді тегін тараттық.

Мерекеде бізді 150 кг ұнмен “Дамир” ЖШС, дәмді-тәттілермен “Закира тәттілері”, “Келімбетов” ЖК, “Шаңырақ” орталығының көпбалалы аналары қамтамасыз етті. Әр ана бір бір пирог, он литрден наурыз көже, корап-қорап бауырсақ жеткізді. Облыстық Әлеуметтік қорғау басқармасы басшысы Асем Джунуспекова бізге демеуші табуға көмектесті. Мол дастархан жаюға үлес қосқан барлық жанға жаңа жылда молшылық, береке, амандық тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.