Отан- отбасынан басталады

Қарқаралы қаласы
12.12.2024 жылы «Шаңырақ» көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау орталығы 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Отан- отбасынан басталады» демекші, өнерімен де тәлім-тәрбиесімен де еліміздің келешегі- болашақ ұрпақты тәрбиелеп, ауданымыздың, еліміздің дамуына үлестерін қосып келе жатқан отбасылармен «Өнегелі отбасы» атты тәрбиелік сағатын өткізді. Кеш барысында отбасы аналары өздерінің видеолары мен өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Осы орайда «Шаңырақ»көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау орталығы барша Қазақстандықтарды еліміздің тәуелсіздігі күнімен құттықтайды. Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!

«Шаңырақ» орталығы- аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік тапсырысы негізінде ашылған. Мемлекет отбасыларды қолдау мақсатында осындай орталық ашып, орталық жоспарлаған іс-шараларды қолдайды.

Махмұт Гүлнар
87755189928

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.