Қарқаралы қаласы
Қарқаралы қаласы.
10.12.2024жылы «Шаңырақ» көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау орталығы мен «Жарлы ауылының N10 Нүркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ «Даналық» мектебінің Жеңгелер клубы ұйымдастыруымен, кәсіби бағдар жұмысы бойынша «Тәттілер мен тіске басар дайындап» үйрену шеберлік сабағы болды. «Шаңырақ» орталығы шеберлік сағатын өткізуге ат салысқан мектеп ұжымына және «Даналық» мектебінің үйлестірушісі Әбдірахман Асылзат Әбеубәкірқызы мен
Кәсіби бағдар бойынша жетекшілік ететін Тулеуова Сара Есеновнаға алғыс білдіреді.
«Шаңырақ» орталығы- аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік тапсырысы негізінде ашылған. Мемлекет отбасыларды қолдау мақсатында осындай орталық ашып, орталық жоспарлаған іс-шараларды қолдайды.
Махмұт Гүлнар
87755189928





