Көп балалы Әкелер арасында «Дәнекерлеп уйрену» шеберлік сағаты

Қарқаралы қаласы. 20.11.2024 ж «Шаңырақ»көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау орталығы көп балалы Әкелер арасында «Дәнекерлеп уйрену» шеберлік сағатын өткізді. Әкелеріміз темір дәнекерлеудің қыр-сырын үйреніп, отбасылық өмірдегі қажеттіліктеріне пайдаланса деген мақсатымыз болатын. Ол мақсатымыз Әкелеріміздің жүзіндегі ынта-талпынысқа қарап жүзеге асты деп ойлаймыз. Әкелерімізге өз шеберлігімен бөліскен Кабдуллин Қуандыққа алғысымыз шексіз.

«Шаңырақ» орталығы- аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік тапсырысы негізінде ашылған. Мемлекет отбасыларды қолдау мақсатында осындай орталық ашып, орталық жоспарлаған іс-шараларды қолдайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.