«Зорлық -зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы
Қарқаралы қаласы.
25 қараша- 10 желтоқсан аралығында Қарағанды облысы бойынша «Зорлық -зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы аясында «Шаңырақ» көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау орталығы «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты көп балалы аналар арасында сурет және эссе жазудан байқау өткізді. Қазіргі уақытта белең алған проблема -тұрмыстық, әскер қатарындағы зорлық-зомбылықты аналар өз суреттерінде көрсетіп, алдын-алу, болдырмау жөнінде ой толғады.
«Шаңырақ» орталығы- аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік тапсырысы негізінде ашылған. Мемлекет отбасыларды қолдау мақсатында осындай орталық ашып, орталық жоспарлаған іс-шараларды қолдайды.

