ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН — СПОРТШЫМЫЗ ӘУЛЕТПЕН
ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН — СПОРТШЫМЫЗ ӘУЛЕТПЕН
Бүгін «Шаңырақ» орталығы көп балалы әулеттер арасында отбасылық спорттық сайыс өткіздік. Жарысты облыстық жеңіл атлетикадан олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің манежінде жүргіздік. Бес отбасы сегіз спорт түрінен сайысты.
Бас жүлдені «Tobyqty» командасы, Ибраевтар отбасы иеленді.
Екінші орынды «Aбай-team» командасы, Махмутовтар отбасы алды.
Үшінші орынды «Ақберен» командасы, Ахметовтар отбасы жеңімпаз боп танылды.
«Белсенді команда» номинациясына «Qazaq saqshy», Аят әулеті мен «Тек алға!» командасы, Ким отбасы лайық деп танылды.
«Білекті әке»,»Алғыр ана»,»Жүйрік бала» номинацияларының жеңімпаздарын анықтадық.
Жеңімпаздарды кубок пен медальдармен, мадақнамалар мен сыйлықтармен марапаттадық.
Қатысушыларға сыйлықты «Шаңырақ» орталығы, «Антифриз ZEREK» компаниясының жетекшісі Қуаныш Мұратұлы мен «Жансая» мейрамханасы ұсынды. Балаларға жақсы көңіл сыйлаған мәрт азаматтарға алғыс айтамыз.
Сайыс 1 маусым балаларды қорғау күніне орай өтті. Ұйымдастырған «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты Талбесік» көпбалалы аналар одағы» қоғамдық бірлестігі орындап отыр.
Бізді қолдаған облыстық спорт басқармасы басшысы Temirkhan Abylaev мырза мен облыстық жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтені мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы Алла Столярскаяға, Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары Дархан Малдыбаев мырзаға, Қарағанды Облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің хатшысы Перизат Тотыбекова ханымға алғысымыз шексіз.БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ
Жетістікке жеткен әр азаматтың артында бірлігі жарасқан отбасы тұр. Арқа сүйер әкесі, ошағының түтінін түзу ұшырған анасы бар балалар бақытты. Жұбайымен қол ұстасып жарысқан жарасымды жұптар кеше бірлік пен татулықтың үлгісі болды.
«Шаңырақ» орталығы( @qaragandy.analary) отбасылық құндылықтарды насихаттауды мақсат етеді. Бақытты отбасы — баянды мемлекет кепілі. (ВИДЕО)

