1 маусым балаларды қорғау күні
Бүгін Достық үйінде халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалар әлеміне саяхат» атты мерекелік шара өткіздік.
Мерекелік шараны Қарағанды Облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы Аналар кеңесімен бірлесіп өткіздік. Концерттік бағдарламаны «Оқушылар сарайы» КММ ұсынды. Танымал әншілер Арайлым Жүкенова мен Мұрат Қоңыр әннен шашу шашты.
Іс-шарада «Шаңырақ» орталығы жариялған «Дарынды бала» видеобайқауының жеңімпаздарын анықтадық, 5 жеңімпазға сыйлықтар мен мадақнамалар тапсырдық. 200 балмұздақты тегін тараттық. Осы байқауға қатысқан барлық 28 отбасыға сыйлықтар мен мақтау қағаздарын берілді. Белсенді 22 қатысушыға ойыншықтарды «Шаңырақ» орталығында тапсырдық.
Балаларға қуанышты көңіл сыйлауға «Шаңырақ» орталығы, «Ақжол» фирмасының басшысы Зинаида Трубникова,
«Синтегра» ЖШС басшысы Владимир Толкачов,
«Сарыбел» қоғамдық қорының жетекшісі Нұрсағын Қыздаровтар демеушілік етті.
Достық үйі базасындағы «NurOtan» партиясының «Белсенді өмір» орталығында көп балалы аналарға арналған компьютерлік курс аштық. Компьютерлік сауаттылықты, егов порталынан қызмет алуды жыл соңына дейін үйретеміз.
Сондай ақ, Достық үйіндегі хореография залында көп балалы аналарға арналған «Сымбат» атты клуб жұмысын бастады. Оны «Шаңырақ» орталығының қызметкері Tansholpan Saltanatova жүргізеді.
«Шаңырақ» орталығы Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік мемлекеттік тапсырысы бойынша ашылған. Әлеуметтік тапсырысты Талбесік» көпбалалы аналар одағы» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады.

