«Ел жүрегі — ЕЛОРДА» атты қайырымдылық акциясы өтті

Қарағандыда Ishki Saiasat Basqarmasy Qaragandy мен «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы бүгін Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай, көп балалы отбасыларға тарту жасады.

«Қайырымды істер марафоны» Ұлттық жобасы аясында «Ел жүрегі — ЕЛОРДА» атты қайырымдылық акциясы өтті. Облыстық әкімдік пен кәсіпкерлер бірлесіп астананың туған күнінің құрметіне орай бүгін балаларға бағалы сыйлықтар мен тәтті-дәмдіге толы қоржын, аналарына гүл шоқтарын сыйлады.

Көп балалы отбасылардың қалауымен балалар армандап жүрген велосипедтер, самокаттар, қуыршақтар мен қоларбаларды апарып бердік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.