Қарағандыда жыл сайын көп балалы отбасыларға үй сыйлайтын азамат бар.
Пандемия кезінде жылап, тозған аналарды ғана емес, «үйсіздерге үй берген, ашыққанға азық тосқан» арда азаматтарды көрдім. Кімнің кім екендігі осындай мылтықсыз майданда белгілі болады екен.

Алдыңғы жылы төрт пәтер, былтыр жеті пәтер әперді. Бақыт кілтін сыйлайтын жан ізгі амалын жарнамаламайды. Жарияламайды. Баспана әперген мәрт жанның кім екендігінен ол отбасылар да хабарсыз.
Жақсылықты анаға жасаған, аналардың Алғысын алған мәрт жанның жолы ашық болса екен деп үнемі тілеп жүремін.
Биыл аты жаман індет қыспаққа алса да, жан жылуымен бөліскен адам көп болды. Әнет баба атындағы мешіт пен қайырымды жандар «Талбесік» көп балалы аналар ұйымы мүшелеріне 10 бас мал сойып берді. Біз оны 50 отбасыға бөліп бердік.
Ақсүйектің баласын
Қара ұлына теңгеріп,
Қоңыраулы найза өңгеріп,
Жесірлерге жер бердім,
Жетімдерге жем бердім —
Сол ерліктен не көрдім?!-дейтін азаматтар тұрғанда бізді ешқандай індет жеңе алмайды.
