ҚАЙЫРЫМДЫ АЗАМАТ

Қарағандыда Шляхтин Игорь Васильевич деген кәсіпкер бар. Түрін көрмегенмін. Мені ол кісі де танымайды. Бірақ өтініш айтса жерде қалдырмайтын азамат екен.

Пандемия басталғалы тұрмысы төмен отбасыларға қарайласатын демеуші іздеп талай мекемеге хат жаздым. Бір папка болды хаттарым. Мүмкіндігі барлар көмектесті. Мүмкіндігі болмағандарға өкпе жоқ.

Екі жыл болды «Мелькомбинат» директоры Игорь Шляхтин мырза жылына екі рет көп балалы отбасыларға 1 тоннадан ұн таратады. Өзі жеткізіп береді. «Шаңырақ» орталығына түсіріп алдық. Қазір онлайн жұмыс істеп жатырмыз. Ашылғанда таратамыз.

Кәсібіңіз өркендей берсін Игорь Васильевич!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.