100 КІТАП

Саяхатшы, блогер, полиглот, журналист Ернат Мелсұлы «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығына «Ағылшынша тіл сындыру» атты 100 оқулық тарту етті.

Жас ұрпақты жан азығымен сусындатсам деген игі тілегі үшін Ернат мырзаға алғыс айтамыз. Оқулықты Ернат өзі жазып шыққан. Балаларға арнап жазылған, безендірілген, ғалымдардың жақсы бағасын алған. Ернат өзі «24kz» телеарнасында ағылшын тіліндегі жаңалықтарды жүргізген. «100 жаңа кітап» бойынша аударма бюросы арқылы шетелдік кітаптарды қазақшаға аударған. Біз бұл кітаптарды жаңа оқу жылына қарсы «Мектепке жол» акциясы аясында таратамыз.

Фотода «Шаңырақ» орталығының балалар бөлмесіндегі ойыншықтар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.