Биыл облыстық #OrtalyqQazqstan және #ИндустриальнаяКараганда газеттерінің жарық көргеніне 90 жыл толады.
Биыл облыстық #OrtalyqQazqstan және #ИндустриальнаяКараганда газеттерінің жарық көргеніне 90 жыл толады.
Атаулы дата аясында қос басылым жыл басынан бері көптеген шаралар өткізіп келеді.
Ұжыммен ақылдаса келе, негізінен той тойлауға емес, тағылымдық шараларға көңіл бөлуді жоспарлағанбыз.
Сондай кезекті іс – қайырымдылық шарасы. Жаңа оқу жылы қарсаңында екі редакция #мектепкежол акциясы аясында көпбалалы отбасыдан шыққан оқушыларға оқу құралдарын сыйлады.
Бұл іске қолдау көрсетіп, ұйымдастыруға атсалысқан «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығына, оның басшысы Ләззат Қожахметке алғысымызды білдіреміз.
Алдағы уақытта мерейтой аясында жас қаламгерлер арасында шығармашылық байқау, көрме, БАҚ өкілдері арасында спорттық жарыстар өткізу, ардагерлерімізді ұлықтау сияқты бірқатар шаралар жоспарланып отыр.
Айта кету керек, «Шаңырақ» жұмысы жүйелі жолға қойылған орталыққа айналыпты. Апта сайын қаншама отбасыға материалдық көмек беру ісін ұйымдастырып отыр. Біз барғанда басқа да демеушілер келіп жатты. Моралдік қолдауы, құқықтық кеңесі тағы бар.

