Бүгін «Шаңырақ» орталығына ООН-Женщины азаматтық қоғам құрылымымен келісімшартқа отырған «Десента» ҚҚ жоба менеджері Ванда Сафина ханым арнайы келді.

Бүгін «Шаңырақ» орталығына ООН-Женщины азаматтық қоғам құрылымымен келісімшартқа отырған «Десента» ҚҚ жоба менеджері Ванда Сафина ханым арнайы келді.

Қоғамдық қор «ООН-Женщины» құрылымымен Үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне баға беру үшін келісімшартқа отырған. Еңбек министрлігі қорға аймақтардағы «Бақытты отбасы-Жанұя-Шаңырақ» орталықтарының жұмысына сараптама жасауға тапсырыс берген.

Қазақстанда мұндай 31 орталық бар, соның ішінен, «Десента» сараптама жасау үшін төрт өңірді таңдап алыпты. Алматы облысы, Алматы қаласы, Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысында ашылған, мемлекеттік тапсырысты орындайтын орталықтарды іріктеп алып, жұмыстарына зерттеу жүргізіп жатыр. Орталық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік тапсырысымен ашылған. Біз сарапшы ханымға орталық жұмысын таныстырдық. Өз ұсыныстарымызды айттық.

Қазақстанда ашылған осындай орталықтарға ортақ талаптар қажеттігін, жұмыстарын бір ретке жүйелеу қажеттігін көтердік. Бұл мәселені мен былтырдан бері Еңбек министрлігіне бірнеше рет ұсынған болатынмын. Басқа өңірлерде ашылған орталықтардың техникалық сипаттамаларына сараптама жасап, кемшіліктерін, жетістіктерін ҚР Президенті жанындағы Национальная комиссия по делам женщин и семейно-демографической политике отырысында да айтып, баяндама жасадым. Ванда ханымға біздің қызметкерлер сұхбат берді, аналардан сауалнама алды.

Қазақстанда 1999 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «ООН-Женщины» құрылымы әйелдер мен қыздардың тең құқылығы мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін Үкіметпен серіктестікте жұмыс істейді. Қазақстандағы «ООН-Женщины» құрылымы өз қызметін мемлекеттің ұлттық даму саласындағы бірінші кезектегі міндеттерін іске асыруды және елдің гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауын жүзеге асырады.

«Десента» қоры 2001 жылы құрылған. Ұйымның миссиясы: ақпаратты жинау және талдау арқылы әлеуметтік және бизнес міндеттерді тиімді шешу. Қызметтің стратегиялық бағыттары:
ҮЕҰ әлеуетін, олардың мемлекеттегі рөлін күшейту үшін қызметтер кешенін көрсету.
Бюджет процесінің ашықтығы мен айқындығын арттыруға жәрдемдесу.
Мемлекеттік және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту.
Жеке кәсіп ретінде мониторингті және бағдарламалық бағалауды дамыту.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.