Шұжықтардың түр-түрін дайындауды үйреттік.

«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы «Ана-Ана»қоғамдық қорымен бірлесіп көп балалы аналарға шұжық өнімдерін дайындауды үйреті.

Сабақта аналар сервелат, салями, краковская, докторская, тауық, гриль шұжықтары мен ташкен шелпек, ұйғыр самсасын дайындауды үйренді. «Мартсипан» аспаздық студиясында тегін ұйымдастырылған курстың мақсаты, көп балалы аналарға тамақ өнімдерін дайындауды үйретіп, табыс табуға баулу.

«Біз Айжан Шалғымбаева ханыммен бірлесіп үнемі тегін шеберлік сабақтарын ұйымдастырып келеміз. Пандемия кезінде дәрігерлерге екі ай ыстық тамақ істеп тасығанда Айжан ханым күніне 300 лепешканы тегін пісіріп беріп отырды. Енді»Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығымен бірлесіп, аспаздық сабақтарын өткізіп жатырмыз,-деді «Ана-Мама» қоғамдық қорының өкілі Жадыра Қуатбекова ханым.

Қормен бірлесіп, келесі апта көп балалы аналарға тағы да басқа түрлі тағам жасауды үйретпекпіз.

«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы Қарағанды қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік тапсырысымен ашылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.