БАЙҚАУ: КӘРІМ САУҒАБАЙ ОҚУЛАРЫ!!!

БАЙҚАУ: КӘРІМ САУҒАБАЙ ОҚУЛАРЫ!!!

Қарағанды қаласында «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы ақын Кәрім Сауғабайдың 80 жылдық мерейтойына орай 2021 жылдың 14 қазанында мектеп оқушылары арасында «Кәрім — ақын, Кәрім — жыр…» атты І-Кәрім Сауғабай оқуларын өткізеді.

Кәрім Сауғабай оқуларының мақсаты:

Кәрім Сауғабайдың әдеби мұрасын жас ұрпаққа насихаттау;
Көркем оқуға баулу.

«Кәрім — ақын, Кәрім — жыр…» атты І-Кәрім Сауғабай оқуларының ЕРЕЖЕСІ:

Қатысушылар ақын Кәрім Сауғабайдың бір өлеңін мәнерлеп оқып, видеоға түсіріп инстаграмдағы qaragandy.analary парақшасын белгілеп жариялайды.
Байқауға 10 мен 18 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Қатысушы жеңімпаз болған жағдайда қатысушының жол ақысын жіберуші жақ не қатысушының өзі төлейді.

Жеңімпаздарды марапаттау:

Байқау жеңімпаздарын арнайы құраммен белгіленген қазылар алқасы анықтайды.
Жеңімпаздарды марапаттау 2021 жылы қазан айының 14 жұлдызында өтеді.
Байқау жеңімпаздары әр номинация бойынша Бас жүлде, I орын, II орын, III орындарға ие болып, Диплом, Алғысхат және сыйлықтармен марапатталады.
Байқауға қатысу үшін үміткерлер туралы мәліметті (қатысушының аты-жөні, туған күні, айы, жылы, оқу орны, сыныбы, жауапты ұстаздың аты-жөні) және өлең оқыған видеоны 2021 жылдың 13 қазанына дейін инстаграмм әлеуметтік желісіндегі qaragandy.analary парақшасын белгілеп жариялауы қажет.

Кәрім Жұмабекұлы Сауғабай 20 қазан 1941 жылы Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Едірей ауылында туған. 1964 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1972 жылы әл Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітірген. Ақынның балаларға арналған алғашқы өлеңдер кітабы 1972 жылы жарық көрді. 1965-1972 жылдары Егіңдібұлак ауданы «Ленин туы» газетінде әдеби қызметкер, бөлім менгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, 1972-1985 жылдары редактор, «Білім» қоғамының аудандық бөлімшесінің жауапты хатшысы, «Орталық Казақстан» газетінің меншікті тілшісі, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің журналистика кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарды. Тұнғыш жыр жинағы «Мойындау» 1972 жылы жарық көрді.
Жыр жинақтары:
• «Күдеріңді үзбе» (1975),
• «Балқантаудың басында» (1982),
• «Үш қара оттары» (1985),
• «Мәди» (2000) атты повестің авторы.

Мекенжайымыз:
Қарағанды қ., Мұқанов көшесі, 3. «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы. Қосымша сұрақтар үшін байланыс телефоны: 87003659891.

Кәрім Сауғабайдың өлеңдерін кітапханалардан және @karim_saygabai парақшасынан қарауға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.