АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ: бізге не береді?

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ: бізге не береді?

Бүгін Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелері елордада бас қосып, осы саяси оқиғаны талқыладық.

Ұлттық кеңестің құрамы секілді, пікірлер де сан алуан болды. Alexandr Danilov үш облыста өткен сайлауды салыстыра отырып жүргізген әлеуметтік зерттеуімен таныстырды. Зерттеуде әр аймақта сайлау өткізу ерекшеліктері, халық санын ескеру, әкімге үміткерлердің білімі мен басшылық лауазымы бойынша қойылған талаптардың артық-кем тұсын, партиялардың белсенді қатыспау себептерін, анықталған проблемалар мен ұсыныстар, сенімді өкілдер мен әкімдердің пікірлері, қаржылық және насихат өткізу мерзіміндегі қарама-қайшылықтарды ортаға салды.

Мәжіліс депутаты Aidos Sarym білімге қойылған талапқа, Aigul Orynbek әкім сайлауындағы әділетсіздіктерге, Бурихан Нұрмұхамедов өзін өзі ұсыну келешекте қандай қатерлерге әкелуі мүмкін екендігіне тоқталды. Қанат Сахариянов, Erlan Sairov, Төлеутай Рахимбеков, Мурат Абенов, Талғат Қалиев, Уайс Ерсайынұлы, Marat Bashimov, т. б. ауыл әкімдерін сайлауға қойылатын талаптарды жетілдіруді ұсынды. 2024 жылы аудан әкімдерін сайлаймыз. Яғни ауыл әкімін сайлау алғашқы баспалдақ, бұл тәжірибенің артық-кем тұсын таразылау — өзекті.

Ауыл әкімдерін сайлаудың басты ерекшелігі: үміткердің өзін өзі ұсынуында болды. Мәжіліс пен мәслихат сайлауында депутаттыққа үміткерлер тек партия атынан түсті. Ал ауылға ешқандай партияға тіркелместен әкім болып сайлануға мүмкіндік берілді. Бұл қадам артықшылық па әлде қателік пе, келешек көрсетеді. Осы жаңалықтан кейін болар әкімдікке түсушілер көп болды. Екі мыңнан аса үміткердің мың жарымы өзін өзі ұсынды. Тек сегіз жүзі партия өкілі болды. Яғни халық партиялық тізімнен жалыққан, ешкімге тәуелді болмай саясатқа араласқысы келеді. Бірақ, саясаткер Бурихан Нұрмұхамедов болжағандай өзін өзі ұсынғандар арасынан, діни, кландық, рулық, этносаралық қатерлерді ескеру де ләзім.

Жалпы ауыл әкімін сайлау Ұлттық кеңес алаңында талқыланып, жүзеге асқан реформа. Сол себепті Ұлттық кеңес мүшелері бұл реформаның іске асырылуы бойынша Алматыда және Нұр-Сұлтанда бас қосты, әлеуметтік сауалнама мен зерттеу нәтижелерін, ұсыныстарын Үкіметке жолдады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.