«АЛТЫН АЛҚАНЫ» АЛУ ҮШІН ТӘРТІПТІ БОЛУЫҢ КЕРЕК

«АЛТЫН АЛҚАНЫ» АЛУ ҮШІН ТӘРТІПТІ БОЛУЫҢ КЕРЕК

Қазақстанда «Батыр ана» деген мәртебені беру үшін
Министерство труда и социальной защиты населения Казахстана аналардың тәртібін тексереді екен.

Әуелі алтыншы немесе жетінші бала бір жасқа толғанша ол алқаға құжат қабылдамайды. Бала бір жасқа келгенше шейіт болып кетеді дей ме екен… Одан кейін де бірден бере салмайды.

Әр тұрғын ауданның әкімдігіне барып құжат тапсырады. Цифрлану заманында әкімдікке қағаз жинатудың қажеті қанша екенін білмеймін. Барлығы министрлік базасында тұр емес пе? Бірақ аналар қаншама құжатын жинап тапсырады, аудан қалаға, қала облысқа, облыс астанаға жібереді.

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының әкімдігі мамыр айында жіберген 45 ананың «Алтын алқасы» мен «Күміс алқасы»әлі келген жоқ.

Мәселен, Света Алтаеваның алтыншы баласы қазір 1 жас 3 ай. Оған мамыр айында тапсырған 45 ананың алқасы келмей, құжатын қабылдамаймыз депті. Яғни оның баласы екіге толар кезде ғана бұл атақ беріледі.

Менің ойымша мәселенің мәнісі жәрдемақыда жатыр. Алтын-күміс алқаға ай сайын 18 мың теңге жәрдемақы тағайындалады. Бала бірге толғанда бірден ол алқа беріле салса, Үкіметтің қазынасы ортайып қала ма?

Бұл — бұл ма. Алтын-күміс алқаға құжат тапсырарда анадан «сотталмаған» деген анықтама талап етеді. Тәртібі дұрыс болмаса ол алқа берілмейді. Бұл енді тіпті күлкілі. Сотталғандардың өзіне жаңадан өмір бастауға ешкім кедергі болмау керек.

Света ханымның үстінен кезінде сотқа шағым жазылған, Бірақ іс сотқа жетпеген, ымыраласып тоқтатылған. Қолында сотталмаған деген анықтамасы бар. Яғни, сот оны қылмыскер деп танымаған. Бірақ оған «Күміс алқа» берілмейді. Балалары қолында, мектепте жақсы оқиды, таза, тоқ, үйі қандай керемет. Үлгілі отбасы. Кезінде қателесті екен деп, оны осы мәртебеден айыру адамшылық емес!

Тағы бір ана хабарласты. Үлкен ұлы ата-әжесінің қолында өскен, әке-шешесін мойындай қоймайды. Бұзақылық жасап, полицияға түскен. Қазір жақсы. Сол үшін, балаңа дұрыс тәрбие бермедің деп оған да «Алтын алқа» беруден бас тартылған.

Баланы дүниеге әкелу — ол ананың еңбегі, жаратылыс сыйы. «Алтын алқаны» тәртібін тексеріп беру, бір жасқа толғанша мойындамау, одан кейін құжат жинатып жүгірту — аналарды сыйламау меніңше. Министерство труда и социальной защиты населения Казахстана «Алтын алқа», «Күміс алқа» беру тәрбініе өзгеріс енгізу керек.

Сосын жалғызбасты аналарға Халыққа қызмет көрсету орталығы беретін 04 деген анықтама бар. «Жалғызбасты ана» деген мәртебемен үй кезегіне тұрып, 2 пайыздық ипотека алуға болады. Енді осы мәртебені растайтын анықтаманы ЗАГС-тер ақшаға сатады. Әр баласына 800 теңге төлеп алады. Анасы біреу болса да, әр балаға 800 теңгеден төлетеді. Ол аналарды сөгуге, баға беруге құқымыз жоқ. Бірақ мемлекеттік орган анықтамаларды сатуы тиіс емес. ЗАГС-тер қай министрлікке қараушы еді? Министерство информации и общественного развитияға қарай ма?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.