Жалпыұлттық аза тұту күні қарсаңында облыстың мемлекеттік қызметшілері мал шалып, құран оқытты
Ел басына ауыр сын түскен сәтте «Шаңырақ» орталығы жәрдемақысы мен зейнетақысы кеш түскен отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етті. Жалпыұлттық аза тұту күні қарсаңында облыстың мемлекеттік қызметшілері мал шалып, құран оқытты. Біз құрбандық малдың етін Ә. Бөкейхан атындағы аудан әкімдігі ұсынған 15 отбасыға беруге шешім қабылдадық, өз тарапымыздан 10 келі ұн қосып бердік.
Кешелі-бүгін орталықта жаңажылдық тәттілерді таратып болдық. Бүгін атаулы әлеуметтік көмекке тапсырыстар рәсімдедік.
Шаңырақ шайқалмасын, ел іргесі аман болсын.

