9 баласы бар ананы қоныстандырып келдік

Жаңа ғана 9 баласы бар ананы қоныстандырып келдік. Ольга ханым 9 баламен үй жалдап тұрғанын білгенде біз бірнеше қорға хат жазып, көмек сұрадық. «АсарУме» қоғамдық қоры біздің ұсынысымызды қабыл алып, үй алатын қаржымен көмек беру үшін арнайы келді. «АсарУме» қорын біздің қарағандылық кәсіпкерлер «Jakko» компаниясы қолдап, үй алатын қаржы жинап берді. Одан бөлек тұрмыстық техника мен жиһаз алып берді. «Шаңырақ» орталығы қызметкерлері Ольга ханымға, кең, жылы, жайлы үй табуға, қоныстануға көмектестік. Бүгін Ольганың үйінде қоныстой жасадық.

Біз қоныстойға «Ана-Мама» қоғамдық қорын да шақырдық. «Ана-Мама» қоры шашу ретінде екі кілем мен тәтті-дәмді себет апарды. Жақсылық жасаудан жарысқан қайырымдылық қорлары бүгін Ольганың балаларына ойыншықтарды үйіп-төгіп алып барды.

Әр қазақстандық баспаналы болсын!

«Шаңырақ» орталығы үйсіздерге үй әперу үшін үнемі демеушілер іздеп, отбасыларды ұсынып, үй рәсімдеуге көмектесеміз. Екі жылда біздің демеушілердің көмегімен баспаналы болған 14 отбасымен бірге жылап, бірге қуандық. Әр «Шаңырақ» шаттыққа толсын!

https://www.instagram.com/tv/CZHpErtoXPI/?utm_medium=share_sheet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.