ТОҚАЕВ КЕЛГЕЛІ НЕ ӨЗГЕРДІ?

ТОҚАЕВ КЕЛГЕЛІ НЕ ӨЗГЕРДІ?

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік салаға әкелген өзгерістері:

Тоқаевтың келуімен әлеуметтік осал топтың 300 мың теңгеге дейінгі несиелері кешірілді.

Тоқаевтың келуімен төрт баласы барлардың барлығына дерлік 46 мың теңгеден жәрдемақы тағайындалды. (Оған дейін төрт баласы барларға айына 10 мың теңге жәрдемақы төледі, 2019 жылы бұл жәрдемақыны мүлдем тоқтатқан болатын).

Тоқаевтың келуімен тұрғын үй кезегіндегі көпбалалылар, жетімдер үй алғанша кезектен шығарылмайды деген қаулы шықты. (Оған дейін бала кәмелетке толғанда үй кезегінен шығарып жіберетін. Сосын олар жалған ажырасып, толық емес отбасы ретінде үй кезегіне тұратын).

Тоқаевтың келуімен көпбалалы отбасыларға балабақша төлеміне 50% жеңілдік берілді.

Тоқаевтың келуімен көпбалалы отбасы мүшелеріне қоғамдық көлікке тегін жолақы билеті берілді.

Тоқаевтың келуімен тұрмысы төмен отбасылардың оқушы балаларына мектеп формасы мен кеңсе тауарлары тегін берілді. Бұл «всеобуч» деп аталды.

Тоқаевтың келуімен тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, бастауыш сынып оқушыларына түгелдей
мектепте тегін ыстық тамақ берілді.

Тоқаевтың келуімен балаларды үйірмелер мен секцияларға тегін беру үшін бюджеттен млрдтаған қаржы бөлінді. Бұл артспорт жобасы деп аталды.

Тоқевтың келуімен баспанасыз осал топқа үй жалдау ақысының 50% мемлекет төлеп беретін болды.

Тоқаевтың келуімен несие борышын өтей алмаған отбасыларды банкрот деп жариялау қолға алынды.

Тоқаевтың келуімен осал топқа 2 және 5 пайыздық ипотека беріліп, алғашқы жарнасын мемлекет төлейтін болды.

Тоқаевтың келуімен Конституцияны өзгертуге тұңғыш рет референдум жарияланып отыр. Енді Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.