ҚАРҚАРАЛЫ: шаш сәндеу курсы
ҚАРҚАРАЛЫ: шаш сәндеу курсы
Қарқаралыдағы «Шаңырақ» орталығы көпбалалы аналарға шаш қию мен сәндеу машығын үйретті. Біздің аудандағы қызметкеріміз Гүлнәр Өмірзаққызы — арендалық үй алып, кәсіп ашуға грант ұтып алған алты баланың анасы. Ол мемлекеттің көпбалалы отбасыларға жасаған қолдауы мен игілігін өз басынан өткерген. Сол себепті Гүлнәр өзі секілді аналарға тәжірибесімін бөлісіп, кеңес беруге құлшына келісті.
Кеше Гүлнәр Өмірзаққызы аудандағы аналарға арнап «Шаш қию және сәндеу» атты тегін курс өткізді. Көпбалалы аналар шаш қию машықтарын меңгерді. Сертификат алды.
Келешекте осы курстан алған тәжірибесін жетілдіріп, қатысушылар өздері де үйде отырып табыс табуларына болады. Курстың мақсаты — көпбалалы аналардың отбасы кірісін арттыруына, бизнес бастауына жол ашу.

