«Тойбастар» жасап уйретуден шеберлік сағаты
Қарқаралы қаласы.
03.12.2024 жылы «Шаңырақ» көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау орталығы қала басында ғана емес ауылды мекендерді де қамту мақсатында Егіндібұлақ ауылының Аналарына «Тойбастар» жасап уйретуден шеберлік сағатын өткізіп қайтты. Шеберлік сағатын өткізген көп балалы ана Гаухар ханымға және бізге қолдау көрсеткен Егіндібұлақ ауылының Әкімшілігі мен Аналар кеңесі мүшелеріне алғысымыз шексіз!
«Шаңырақ» орталығы- аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік тапсырысы негізінде ашылған. Мемлекет отбасыларды қолдау мақсатында осындай орталық ашып, орталық жоспарлаған іс-шараларды қолдайды.

