«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы Ботақара кентінде

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізу кезеңінде Ботақара кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені ғимаратында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар арасында спорттық іс-шара өткізілді (Гагарин, Кушоқы, Доскей, Мұстафин, Үштөбе, Сартөбе, Көкпекті ауылдарының пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың қатысуымен).
Акция жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, ауданның пробация қызметімен, «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығымен, сондай-ақ «Мир добра» ҚБ-мен бірлесіп өткізілді, олар «Бұқар жырау ауданының аумағында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру және оңалту шеңберінде жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі орталықтың» өкілдері болып табылады.
Финалда қатысушылар медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.