«Бақытты әйел» аудандық форумы
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы аясында «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы және аудандық музейдің ұйымдастыруымен «Бақытты әйел» аудандық форумы өткізілді.
Шараға аудан әкімі жанындағы әйелдер істері отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Г.Ахметова, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты С.Көшкінбаева, Шет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері А. Ысқақ, «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының кеңесшісі Л.Арыстанбекова, орталық заңгері С.Қаратаева және аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері, мұғалімдер, көпбалалы аналар қатысты.
Форумның басты
мақсаты: аналарға отбасы құндылықтарын насихаттау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
✅Шара барысында спикерлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен отбасылармен қандай жұмыс жүргізілетіні, құқықтық мәселелеріне және қоғамда белең алған әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу шараларына қатысты түсіндіру жұмыстарын кең көлемде тоқталып атап өтті.
Қатысушыларға форумнан естелік ретінде мәліметтер буклеттері таратылды.
Шара қатысушыларына ауданымыздың тарихынан сыр шертетін музей залдарына экскурсия жасаумен аяқталды.

