3 ОТБАСЫҒА КӨМІР, 30 ОТБАСЫҒА ГИГЕНА ҚҰРАЛДАРЫ, ЖАҢА КИІМ-КЕШЕКТЕР
3 ОТБАСЫҒА КӨМІР, 30 ОТБАСЫҒА ГИГЕНА ҚҰРАЛДАРЫ, ЖАҢА КИІМ-КЕШЕКТЕР
«Шаңырақ» орталығы мемлекеттік тапсырыс орындайды. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша қызмет көрсетеміз. Дегенмен біздің орталыққа азық-түлік, кеңсе тауарларын сұрап көп жүгінеді. Бірақ, бізге материалдық көмек көрсету үшін орталық бюджетінен қаражат қарастырылмаған, ақша бөлінбейді. Демеушілерді өзіміз іздейміз, хат жазамыз, кім не алды, оларға тізімін ұсынамыз, есеп береміз, бізде бәрі ашық. Ай сайын жүз шақты отбасыға қайырымдылық көмек көрсетеміз. Бұл менің қызметкерлерімнің еңбегі. Олар жалықпай, кәсіпкерлерге шығады, аралайды, ауыр заттарды тасиды, бөледі, таратады.
Бүгін «Шаңырақ» орталығы 3 отбасыға тегін көмір түсіріп берді. Сондай ақ, 30 көп балалы отбасыға балаларға арналған гигеналық құралдар, тазалағыш құралдар, 5 мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыға жөргек-жаялықтар сыйға тартты. Орталықта жаңа киім-кешектер таратудамыз.
Бұл көмекті ұсынған кәсіпкерлер. Балаларға арналған жуынатын құралдар себетімен қамтамасыз еткен демеуші “Көктем” ЖШС. Компания — тұрмысы төмен отбасыларға тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек тізіміне енген жуғыш, тазалағыш құралдарды тасымалдайтын диллер. Келесі жылдан бастап АЕК алатын әр отбасы азық-түлік өнімдері мен жуғыш-тазалағыш құралдарды өздері егов арқылы таңдайтын болады. Былтырдан бастап АЕК-пен берілетін азық-түлік өнімдеріне сын аз айтылған жоқ. Біз биылдан бастап осы өнімдерді жеткізумен айналысатын компаниялардың қызметіне сараптама жасап отырмыз. Аналардың айтуынша «Көктем» компаниясы тасымалдайтын өнімдер өте сапалы, балаларға аллергия туғызбайды. Біз осы компанияға жүгініп, осы жиынтықпен танысуға ұсыныс жасадық, олар келісті.
Ал көмірді Әсет есімді кәсіпкер азамат қайырымдылық түрінде ұсынып отыр. Бұл азамат өзінің тегін, компаниясын атаудан бас тартты. Орталыққа көмір сұрап хат жазған отбасыларды ұсындық.
«Елдос» қоғамдық қоры су жаңа киім-кешек беріп отыр. 42-46 өлшемді киімдердің сапасы да көңілге қонымды. Біз оны енді таратуды бастадық.
«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы Қарағанды қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік тапсырысымен ашылған.

