ТЕГІН АДВОКАТ БЕРЕМІЗ!!!

ТЕГІН АДВОКАТ БЕРЕМІЗ!!!

«Шаңырақ» орталығы тегін адвокаттар ұсынады, ертеңнен бастап орталықтан адвокат көмегін алуға шақырамыз!!!

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін тегін көрсету шеңберінде Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары ағымдағы жылдың 1 қазаны мен 1 желтоқсаны аралығында жеке тұлғаларға алимент өндіру, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, оңалту, қандас немесе босқын мәртебесін алу, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға тегін құқықтық консультация беруді жүзеге асырады. Адвокаттар қажет болған жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттар жасайды.

Кеңес беру мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі, 3, «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығында сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін қабылдау жүргізіледі. Хабарласу үшін +7 747 950 5522.

«Шаңырақ» орталығының адвокаты — Жанатай Сембеков. Орталықта қабылдау жүргізіп жатыр. Тегін. Жанатай Әбікенұлының облыста Ішкі істер департаментінің үні мен құлағы болғанын ескерсек, бұл адвокаттың ісі жүретіндігіне күмән жоқ. Зейнетке шыққан подполковник адвокаттық қызметті бағындыруға кірісіпті. Ажырасу, алимент өндіру, мүлікті бөлу, мұрагерлік, әкімшілік және қылмыстық істер, жәрдемақы алу, тұрғынүй құқығы, несие өндіру, сот орындаушылар, коллекторлар қызметі, т.б. сұрақтар бойынша қабылдайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.