Бүгін Теміртаудағы Тұңғыш Президент кешенінде облыстық Үкіметтік емес ұйымдардың XYII форумы өтті.
Бүгін Теміртаудағы Тұңғыш Президент кешенінде облыстық Үкіметтік емес ұйымдардың XYII форумы өтті. ҮЕҰ өкілдері бас қостық. Азаматтық альянс өткізген шараға аудан-қалалардағы ұйым өкілдері жиналды.
Альянс жылды қортындылап, үздік ұйымдарды марапаттады. Көрме өтті, Ассамблея мүшелері дастархан жайды, әдемі мерекелік кеш болды. Өңірлер зуммен қосылды. Облыс әкімінің орынбасары Abzal Núken келесі жылы форумды Жезала жақта өткізуге ұсыныс жасады.
Солдат аналарының анасы Мария Фатеева ханыммен, Арысқа барып елге көмектескен қарағандылық ерікті Евгений Хисметовпен таныстым. Назарбаевтың көлігімен фотоға түстім. Сөйтсем көлікке жақындауға болмайды екен, мен деген қоршаудан ары өтіп кетіппін. Жақсы демалыс болды.
Пандемия кезінде мемлекетке ҮЕҰ көп қолдау көрсетті. Мемлекеттік органдар да ұсыныстарға ашық, ел өмірін жақсартуға бірлесіп үлес қосатын боламыз.




